Өзін гей деп мойындаған имамды атып кетті
Фото: muhsinhendricks Оңтүстік Африка полициясы әлемдегі алғашқы ашық гей-имам ретінде танымал Мухсин Хендрикстің Гкеберха қаласы маңында атып өлтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Ол маргиналды мұсылмандар үшін панаға айналған мешітті басқарғ

Фото: muhsinhendricks
Оңтүстік Африка полициясы әлемдегі алғашқы ашық гей-имам ретінде танымал Мухсин Хендрикстің Гкеберха қаласы маңында атып өлтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ол маргиналды мұсылмандар үшін панаға айналған мешітті басқарған, деп хабарлайды халықаралық ақпарат көздері.
Қастандық 15 ақпан күні орын алды. Хендрикс көлікпен келе жатқанда, жолын бөгеген көліктен бетперде киген екі белгісіз адам түсіп, оған оқ жаудырған. Оқ атқаннан кейін қаскөйлер оқиға орнынан ізін суытқан. Көлік жүргізушісі есін жиып, имамның қайтыс болғанын анықтады.
Полиция тарапы әлеуметтік желілерде таралған оқиғаның бейнежазбасын растады. Оқиға Гкеберха қаласы маңындағы Бетелсдорп ауданында болған. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, қылмыстың мотиві әлі белгісіз, ал тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Мухсин Хендрикс 1996 жылы, 29 жасында өзінің сексуалдық ориентациясын ашық жариялаған. Ол сол уақытта араб тілі мұғалімі болып жұмыс істеген және сән индустриясында мансабын бастауды көздеген. Бұған дейін ол отбасылы болып, бала сүйген, алайда әкесінің қайтыс болуынан сегіз жыл өткен соң ажырасып, өз отбасына шынайы болмысын жариялаған.
Related

News
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

News
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

News
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

News
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·