Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Полиция журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады

Шымкент қалалық полиция департаменті журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғады. Оған жалған ақпарат таратқан деген айып тағылған, деп хабарлайды Todayinfo. «Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматша Н. полицияда болды. Оның қатысуымен тер

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Полиция журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады
Шымкент қалалық полиция департаменті журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғады. Оған жалған ақпарат таратқан деген айып тағылған, деп хабарлайды Todayinfo.
«Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматша Н. полицияда болды. Оның қатысуымен тергеу амалдары жүргізілген соң ол үйіне жіберілді. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.
Полиция бұдан өзге ақпараттты қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияға жатпайтынын жеткізді. Жақында ғана Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы болған журналист Мөлдір Нұрманды полиция ұстағанын хабарлаған едік. Оның үйіне тінту жүргізілген. Бұл туралы редакцияға сенімді ақпарат көздерінен мәлім болды. Осыдан екі күн бұрын Мөлдір Нұрман әлеуметтік желіде тікелей эфирде сөз сөйлеп, елдегі әлеуметтік мәселелерді көтергені белгілі болған. Ақпарат көзі:  Qaz365.kz 

Related

Полиция журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады · Todayinfo