Todayinfo.kz
NewsView all articles

Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды,деп хабарлайды Todayonfo ақпараттық агенттігі. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төме

By Айғаным Нариманова··1 min read
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды,деп хабарлайды Todayonfo ақпараттық агенттігі. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген. Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін орталықтың екінші кезеңін іске қосу жоспарланған. Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Related

Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді · Todayinfo