Todayinfo.kz
NewsView all articles

Президенттің атынан Досаев әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Әбдірайым Мұса Сайранбайұлын «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Todayinfo. Сондай-ақ, Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды. 52 жастағы азама

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Президенттің атынан Досаев әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады
Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Әбдірайым Мұса Сайранбайұлын «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Todayinfo. Сондай-ақ, Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды. 52 жастағы азамат жолаушы ретінде Алматы халықаралық әуежайының ұшуға дейінгі тексеру аймағына кірген қылмыскердің қолындағы пышағын тартып алды. Батылдық пен шапшаңдықтың арқасында ол әуежай қызметкерінің өмірін сақтап қалды.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына орасан зор көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің елде әрқашан бейбіт аспан, келісім мен өркендеу болсын!», - Мұса Әбдірайым.
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Related

Президенттің атынан Досаев әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады · Todayinfo