Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімованың туған күніне орай жыр жолдарын арнап, көпшіліктің ықыласына бөленді,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
14 сәуір күні Жұлдыз Әбдукәрімова 37 жасқа толып, Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында оған ерекше құттықтау арнады:
«Жүрегімнің дауасы
Ұл-қызымның анасы
Лайықты жан өзіме
Дүниедегі жанашыр
Ыстық оттай сезіммен
Заманым тыныш өзіңмен
Жұлдызым туған күніңмен», – деп жазды әнші.
- «Бақытты болыңдар»,
- «Мені құттықтап жатқандай қуанып қалдым!»,
- «Ана деген атқа лайықты жарыңызды бағалаңыз, Қайрат аға. Жұлдыз ханым біреу ғана бұл ғаламда» — сынды пікірлер бар.
Бұл жұптың махаббат хикаясы мен жарасымды қарым-қатынасы көпшілікке үлгі ретінде бағаланып келеді.




