«Осы ретте, Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ үміткерлер, құжаттарыңызды грант иегері болуға тапсыруға асығыңыздар. Нәтижелер республикалық мерзімді басылымдардың беттерінде және сайттарда 10 тамызға дейін жарияланады», – деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Қандас талапкерлер үшін қазақстандық ЖОО-ға түсуге жаңа жеңілдіктер бекітілді
Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп, шетелдегі Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ адамдар үшін еліміздің жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады, деп хабаралайды Todayinfo тілшісі

Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп, шетелдегі Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ адамдар үшін еліміздің жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады, деп хабаралайды Todayinfo тілшісі.
Біріншіден, Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шекті балл болмайды.
Екіншіден, бес емтиханның орнына үш емтихан (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән) тапсырады.
Үшіншіден, төрт жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік сақталып қалды.
Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарға орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік сақталды.
Related

News
«Астана футбол командасы қарызға батқан»: Ермұхамед Мәулен қазақ футболының қазіргі халін ашық айтты
Айғаным Нариманова·

News
Ғарышқа самғаған тұңғыш қазақ — Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды
Айғаным Нариманова·

News
В Семее утонул 8-летний ребенок: спасатели заявили о сорванном предупреждающем знаке
Жаннұр Еділбаева·

News
Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді
Жаннұр Еділбаева·