«Қазақ газ өңдеу зауытының» бұрынғы басшысы қаржы жымқырғаны үшін сотталды
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды,деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) ресми мәліметіне сәйкес, ол сеніп тапсырылған кәсіпорын м

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды,деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) ресми мәліметіне сәйкес, ол сеніп тапсырылған кәсіпорын мүлкін аукционсыз сатып, заңсыз табыс тапқан.
Байшуақов зауыттың қаражатына қол сұғып, қомақты қаржыны жеке пайдасына иемденгені дәлелденді. Нәтижесінде, сот оны қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп таныды.
Соттың шешімі бойынша Б.А. Байшуақов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда қызмет ету құқығынан айырылды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енбеген. Сондықтан тараптардың шағым түсіруіне мүмкіндік бар.
Related

News
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

News
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

News
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

News
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·