Қазақстанда мопедтер ресми түрде көлік санатына енгізілді
Қазақстанда көлік саласында жаңа заңнамалық өзгерістер күшіне енуде. Енді мопедтер ресми түрде көлік құралдары санатына енгізіліп, олардың иелері мемлекеттік тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігін алуға міндеттеледі. Бұл талаптар 2025 жылдың сәуір айында күшіне енеді. Бұл туралы

Қазақстанда көлік саласында жаңа заңнамалық өзгерістер күшіне енуде. Енді мопедтер ресми түрде көлік құралдары санатына енгізіліп, олардың иелері мемлекеттік тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігін алуға міндеттеледі. Бұл талаптар 2025 жылдың сәуір айында күшіне енеді. Бұл туралы Todayinfo.kz сайты жазды.
Сонымен қатар, «орташа жылдамдық» ұғымы енгізіліп, оны асырған жүргізушілерге айыппұл салынатын болады. Жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден асырғандарға түрлі деңгейдегі әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.
Мас күйінде көлік басқарған немесе куәландырудан бас тартқан тұлғаларға жүргізуші куәлігінен 7-8 жылға дейін айыру жазасы енгізілуде. Техникалық байқау саласында да жаңа талаптар қойылып, операторларға рұқсат беру тәртібі енгізіледі. Бұл шаралар көлік қауіпсіздігін арттыруға және жемқорлықпен күреске бағытталған.
Related

Society
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Society
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Society
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Society
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·