«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қостанайда пышақ ұстаған ер адам екі әйелге шабуыл жасады
Қостанайда 9 наурыз күні Амангелді көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде пышақ ұстаған ер адам екі әйелге шабуыл жасап, оның бірі көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo. Полицияның мәліметінше, күдікті шабуыл жасағанға дейін алкогольдік ішімдік ішкен. 53 жастағы ер адам кенеттен қ

Қостанайда 9 наурыз күні Амангелді көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде пышақ ұстаған ер адам екі әйелге шабуыл жасап, оның бірі көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.
Полицияның мәліметінше, күдікті шабуыл жасағанға дейін алкогольдік ішімдік ішкен. 53 жастағы ер адам кенеттен қолына пышақ алып, екі әйелге шабуыл жасаған. Нәтижесінде, олардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді.
Күдікті жедел уәкілдер тарапынан ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Адам өлтіру және өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.
Сонымен қатар, полиция мессенджерлерде тараған "төрт қызды өлтірді" деген қауесеттерді жоққа шығарды.
Related

News
Ғарышқа самғаған тұңғыш қазақ — Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды
Айғаным Нариманова·

News
В Семее утонул 8-летний ребенок: спасатели заявили о сорванном предупреждающем знаке
Жаннұр Еділбаева·

News
Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Көкшетаудағы құрылыс алаңында 18 жастағы жігіт қаза тапты
Жаннұр Еділбаева·