Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Құдай мыналардан сақтасын» - қырғыз діндарлары Тоқаевтан не сұрап жүр?

Қырғызстандық мұсылмандар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, өтініштерін білдірді деп хабарлайды Todayinfo. ТикТок әлеуметтік желісінде тараған қысқа видеода өздерін қырғыстандық діндарлар деп таныстырған 7 азаматтың тақта отырған «көшбасшысы»: «Қазақ елінің

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Құдай мыналардан сақтасын» - қырғыз діндарлары Тоқаевтан не сұрап жүр?
Қырғызстандық мұсылмандар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, өтініштерін білдірді деп хабарлайды Todayinfo. ТикТок әлеуметтік желісінде тараған қысқа видеода өздерін қырғыстандық діндарлар деп таныстырған 7 азаматтың тақта отырған «көшбасшысы»:
«Қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Пайғамбарымыз Мұхамед с.ғ.с «қиямет күні жақындағанда, бес ұлы адам шығады» деген. Пайғамбар айтқан бес адамның төртеуі шығып қойды. Олар — пайғамбардың ізбасарлары 4 халиф еді. (осы арада түсініксіз түрлі арабша есімдерді тізеді- ред.) Ал бесінші адам имам Махди. Бұл бес кісіні Алланың өзі таңдап алды. Бұлар пайғамбардың ісін жалғастырушылар. Тоқаев мырза, өзіңіз және халқыңыз 4 халифті мойындасын» деген қырғыз діндарларының бұл үндеуін жұрт түсінбей әлек.
«Өзіміздің арапқұлдар жетпей тұр еді, енді мыналар шықты ма?», «ойлары — халифт құру ма?», «көйлек киген еркектер», «құдай мыналардан сақтасын» деген сыңайда пікірлер жазылуда. Фото: скриншот

Related

«Құдай мыналардан сақтасын» - қырғыз діндарлары Тоқаевтан не сұрап жүр? · Todayinfo