Қытайда бейбіт тұрғындарды көлікпен таптап, 35 адам қаза тапты
2024 жылдың 11 қарашасы күні Чжухай қаласының Сянчжоу ауданының Спорт орталығында бір ер адам көлігімен орталық аумағында жаттығу жасап жүрген тұрғындарды қағып, ауыр қылмыс жасады. Шабуыл салдарынан 35 адам қаза тауып, 43 адам ауыр жарақат алды. Қылмыскерге қатысты қатаң шара қо

2024 жылдың 11 қарашасы күні Чжухай қаласының Сянчжоу ауданының Спорт орталығында бір ер адам көлігімен орталық аумағында жаттығу жасап жүрген тұрғындарды қағып, ауыр қылмыс жасады. Шабуыл салдарынан 35 адам қаза тауып, 43 адам ауыр жарақат алды. Қылмыскерге қатысты қатаң шара қолдану туралы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен премьер-министр Ли Цян тапсырма берді.
Чжухай қаласының полициясы 11 қараша кешкі сағат 19:48-де күдікті азаматтың Спорт орталығына кіру пунктін бұзып, қаладағы тұрғындарға қасақана шабуыл жасағанын хабарлады. 62 жастағы күдікті Фань есімді азамат шағын жол талғамайтын көлігімен орталықтың ішіндегі жолда жүрген тұрғындарды соғып, оқиға орнынан қашпақ болған. Алайда, полиция қызметкерлері оны ұстап үлгерді. Полиция күдіктінің көліктің ішінде өзін-өзі жарақаттамақ болғанын, бірақ жедел әрекет етіп, оны тоқтатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдікті ауыр жарақат салдарынан комада жатқандықтан, полиция тергеу жұмыстарын әлі бастай алмай отыр.
Алғашқы мәліметтерге сәйкес, бұл шабуыл күдіктінің ажырасқаннан кейінгі мүлік бөлісу нәтижесіне көңілі толмауы салдарынан болған.
Related

Society
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Society
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Society
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Society
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·