Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қызғалдақ терген әйел 12 млн айыппұл төлеуі мүмкін

Түркістан облысының полиция департаменті Қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдағын заңсыз терген әйелге іздеу жариялады, деп хабарлайды  Todayinfo. Қызғалдақты қорғау мақсатында тәртіп сақшылары сәуір айының басынан бастап әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп келеді. Ордабас

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қызғалдақ терген әйел 12 млн айыппұл төлеуі мүмкін
Түркістан облысының полиция департаменті Қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдағын заңсыз терген әйелге іздеу жариялады, деп хабарлайды Todayinfo. Қызғалдақты қорғау мақсатында тәртіп сақшылары сәуір айының басынан бастап әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп келеді. Ордабасы ауданында гүл теріп жүрген келіншектің әрекеті бейнежазбаға түсіп, желіде тараған. Қазіргі таңда полиция күдіктіні анықтауға тырысып жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Аталған бапқа сәйкес:
  • 3000 АЕК-ке дейін (11 796 000 теңге) айыппұл салынады;
  • Немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады;
  • Не болмаса 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін.
   

Related

Қызғалдақ терген әйел 12 млн айыппұл төлеуі мүмкін · Todayinfo