Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Қызылорда облысында ақбөкендерді қырып тастаған қарақшылар ұсталды

Фото: Қызылорда облыстық ПД Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында браконьерлерді ұстады. Төрт күдікті мінген «Тойота» автокөлігінің тіркемесінен 19 өлексе табылды, деп хабарлайды Todayinfo  ақпарат агентт

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қызылорда облысында ақбөкендерді қырып тастаған қарақшылар ұсталды
Фото: Қызылорда облыстық ПД
Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында браконьерлерді ұстады. Төрт күдікті мінген «Тойота» автокөлігінің тіркемесінен 19 өлексе табылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Көлікті тексеру барысында артқы орындықта тіркелмеген қару табылды. Прожектор, 2 рация, арқан тәркіленді. Сонымен қатар, жол талғамайтын көліктің тіркемесін тексеру барысында 19 ақбөкеннің өлексесі табылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Күдіктілер үйқамаққа алынды.

Related

Қызылорда облысында ақбөкендерді қырып тастаған қарақшылар ұсталды · Todayinfo