"Талғамы төмен жұртқа "Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" деген дешёвый әнімен танылған Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы, "Кәсібі алаяқтық, салықтан жалтарғаны тағы бар" деген баптар негізінде күдікке ілініп, уақытша қамалыпты. "Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы құны 2 млрд теңге болатын үш ресторан ашыпты" деген ақпаратты көргенімде, "е, күйеу баласы кәсіпкер екенғой" дей салғанмын.
Әншінің қызы 800 мыңға жуық "инста" жазылушылары арасында құны 500-50 000 теңге аралығындағы
билеттерді сатып, 1800 адам қатысуымен түрлі мүліктерді ойнатқан. Ал бұл конкурстар салық органдарында тіркелмеген. Енді 162 млн теңгені заңсыз тапқан әншінің қызы сотталатын болды.
"Абай Бегей қиындықты көп көрген, өмір баловать етпеген әншіғой негізі. Әйел өлді. Бала-шағасын өгей ана жеткізді. Өзі қарапайым, репертуары да жұтаң. Жалғыз әнін - кедейдің күпісінше сүйреп жүргеніне 20 жылдан асты. Обал-ақ енді", - деп табалап жазды ол.




