Шавкат Рахмонов UFC-де әлемнің үздік спортшылары қатарына енді
Жуырда өткен титулдық жекпе-жекте Хамзат Чимаев оңтүстікафрикалық Дрикус дю Плессимен кездесіп, жеңіске жеткеннен кейін UFC P4P рейтингіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Чимаев бірден он сатыға көтеріліп, төртінші орынға жайғасты. Бұрын 15-ор

Жуырда өткен титулдық жекпе-жекте Хамзат Чимаев оңтүстікафрикалық Дрикус дю Плессимен кездесіп, жеңіске жеткеннен кейін UFC P4P рейтингіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Чимаев бірден он сатыға көтеріліп, төртінші орынға жайғасты. Бұрын 15-орында тұрған бразилиялық Чарльз Оливейра үздіктер қатарынан шығып қалды, ал оның орнын жартылай орта салмақта әлі жеңіліс көрмеген қазақстандық спортшы басты.
P4P рейтингінің көшін жеңіл салмақтағы чемпион, Илия Топурия бастап тұр. Ол бұған дейін UFC чемпиондық белбеуін дәл осы Оливейрадан тартып алған еді.
Шавкат Рахмонов өзінің соңғы айқасын 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстаннан шыққан ешбір спортшы UFC-дің салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингтің үздік 15 спортшысы қатарына енбеген.
Фото: instagram.com/shavkatrahmonov94
Related

Sport
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Sport
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Sport
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Sport
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·