Todayinfo.kz
Ақпарат комитетіView all articles

Шетелдіктерге бақылау күшейтілді: ІІМ көші-қон заңнамасын бұзғандарға шара қолдануда

2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға 7,5 миллион шетелдік келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мың адамға көп. Шетел азаматтарының 90%-ы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов айтты, деп хабарл

By Айғаным Нариманова··2 min read
Шетелдіктерге бақылау күшейтілді: ІІМ көші-қон заңнамасын бұзғандарға шара қолдануда

2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға 7,5 миллион шетелдік келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мың адамға көп. Шетел азаматтарының 90%-ы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта 212 мың шетелдік Қазақстанда тұрақты тұрады, ал 430 мыңы – уақытша. Олардың ішінде:

  • 360 мың – еңбек ету мақсатында,
  • 17 мың – отбасымен қосылу үшін,
  • 8 мың – білім алу үшін,
  • 44 мың – өзге жеке мақсатпен келген.

Министрліктің мәліметінше, шетел азаматтарына қолайлы жағдай жасалған:

  • 87 елдің азаматтары визасыз кіре алады;
  • 107 елдің азаматтарына электрондық виза қолжетімді;
  • 2020 жылдан бері уақытша тіркеу талап етілмейді, оның орнына «Е-Қонақ» жүйесі енгізілген.

Биыл бұл жүйе арқылы 900 мыңнан астам өтініш қабылданған. Алайда көші-қон тәртібін сақтамаған 14 800 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІМ деректеріне сәйкес, 2025 жылы 200 мыңнан астам шетелдік құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылды. Оның ішінде:
  • 46 мың адам – болу тәртібін бұзғаны үшін,
  • 10 мың адам – елден шығарылып, 5 жылға кіруге тыйым салынды.

Сондай-ақ, 2 мың жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жазаланды. Бірнеше мәрте ереже бұзғандарға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалған.

Ішкі істер министрлігі көші-қон бақылауын күшейту мақсатында төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр:
  1. Цифрлық бақылау жүйесі: Жасанды интеллект арқылы шетелдіктердің елде болуын бақылау жүйесі әзірленіп жатыр. Жоба жыл соңына дейін аяқталады.
  2. Құқықтық база: Жаңа заңға сәйкес, елде 30 күннен артық болуды жоспарлаған шетелдіктер міндетті тіркеуден өтуі тиіс.
  3. Ішкі көші-қон: Жалған тіркеу деректері анықталып, пәтер иелері әкімшілік жауапқа тартылуда (ӘҚБтК 493-бап).
  4. Ұлттық паспортты қорғау: Қазақстандық паспорт 43 елге визасыз кіруге мүмкіндік береді, жаңа қорғаныс элементтері енгізілуде.

Сонымен қатар, шекара бекеттерінде QR-коды бар ақпараттық карталар таратылып, туристерге елде қауіпсіз жүру туралы мәлімет беріледі.

 

Related

Шетелдіктерге бақылау күшейтілді: ІІМ көші-қон заңнамасын бұзғандарға шара қолдануда · Todayinfo