Степногорс қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 59 шаырымды құрайды. Қалада 19 көше және 9 шағын аудан бар, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылға арналған қалаішілік жолдарды механикалық және қолмен тазалау маршруты бекітілді. Жол қызметтері қысқы кезеңде жол апаты мен қардан тазалау жұмыстарын жедел ұйымдастыру үшін қаланы 8 лотқа бөлді:

-
Лот №1 – орталық көшелерді механикалық және қолмен тазалау;
-
Лот №2 – екінші дәрежелі көшелерді механикалық және қолмен тазалау;
-
Лот №3 – 1, 4, 20-шағын аудандардың ішкі аумақтарын тазалау;
-
Лот №4 – 2, 3, 5-шағын аудандардың ішкі аумақтарын тазалау;
-
Лот №5 – 7, 6, 9-шағын аудандардың ішкі аумақтарын тазалау;
-
Лот №6 – Пригородный шағын ауданындағы аумақтарды тазалау;
-
Лот №7 – қар полигонын күту және басқару;
-
Лот №8 – қаланың алаңдары, саябақтары, скверлері мен серуен аллеяларын тазалау.
Қала әкімшілігі 20-шағын ауданнан қар полигонын орналастыру орнын бекіткен.
Жолдарды тазалау жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдар ретінде ТОО «Номад-Снаб», ТОО «ШеберСпецмаш», ТОО «DS Group» және ТОО «Avant Building» таңдалды.
Жұмыстарға жалпы саны 18 бірлік арнайы техника және 37 жол жұмысшысы жұмылдырылды:
-
автогрейдер – 1;
-
самосвал – 5;
-
КДМ (комбинирленген дорожный модуль) – 2;
-
МТЗ – 4;
-
погрузчик – 5;
-
бобкат – 1.
Қала әкімшілігі қысқы жол жұмыстарында қолданылатын инертті материалдардың қоры: 50 тонна қар мен тұз қоспасы дайын екенін хабарлады.

Қысқы тазалау жұмыстары қалаішілік жолдар мен тұрғын алаңдарын тазалау регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
-
Көп қар жауып кеткен жағдайда бірінші кезекте қала автобустары жүретін маршруттар тазаланады;
-
Содан кейін әлеуметтік нысандарға (мектептер, балабақшалар, поликлиникалар) кіреберістертазаланады;
-
Орталық және екінші дәрежелі көшелер, микроаудандардағы кіреберістер мен автотұрақтар, ішкі аумақтар механикалық тазаланады.
Сонымен қатар, жолдардың, тротуарлардың және аялдама алаңдарының беткі қабаты инертті материалмен уақтылы себіліп тұрады, бұл кез келген күрделі ауа райында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2025 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін қар полигонына қаладан шамамен 50 000 м³ қар шығарылған. Бұл жұмыстар мердігер ұйымдар, кәсіпкерлер мен қала кәсіпорындары арқылы жүргізілді.
"Қала әкімшілігінің қысқы жолдарды күтіп ұстау жоспары қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде жол қозғалысын жеңілдету және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалған. Мұндай кешенді жоспар қардың көп жаууы мен суық ауа райына қарамастан, қала өмірін қалыпты жүргізуге мүмкіндік беред", - деп хабарлады Ақмола облысы Степногрск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жол қызметтерінің жедел әрекет ету лоттары мен арнайы техника саны қаладағы қысқы тазалау жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Қала тұрғындарына жолдардағы қауіпсіздік пен тазалықты сақтау үшін өз тарапынан да жауапкершілік танытып, автокөлікті дұрыс тұраққа қою және тротуарларды тазалау ережелеріне бағыну ұсынылады.




