Жыл соңындағы жақсы хабар: Халық айыппұл арқаламайтын болды
2025 жылдың аяқталуына санаулы күндер қалғанда, миллиондаған қазақстандықтың үрейін ұшырған "Жалпыға бірдей декларация" мәселесіне қатысты маңызды жаңалық шықты. Көпшілік "үлгермедім", "жүйе істемеді" немесе "қате толтырдым" деп уайымдап жүргенде, билік өкілдері рақымшылық жасайтын сыңайлы.
Бүгін ақпарат кеңістігінде декларацияны уақытылы тапсырмағандарға салынатын айыппұлдардың күші жойылатыны туралы ақпарат тарады. Бұл кімдерге қатысты және енді не істеу керек?
Айыппұл орнына – ескерту
Скриншоттағы және ресми дереккөздердегі ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттік кірістер комитеті қатаң жазалау шараларынан бас тартуды жөн көрген.
Егер сіз декларацияны (250.00 немесе 270.00 нысаны) бірінші рет уақытылы тапсырмасаңыз, сізге бірден ақшалай айыппұл салынбайды. Оның орнына тек "Ескерту" (Предупреждение) беріледі.
Бұл шешімнің қабылдануына бірнеше себеп бар:
-
Халықтың цифрлық сауаттылығының әртүрлілігі;
-
e-Salyq және eGov жүйелеріне түскен шамадан тыс жүктеме;
-
Декларациялау процесінің жаппай сипат алуы.
Бұл толық бостандық па?
Жоқ, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Айыппұлдың алынып тасталуы – декларация тапсыру міндетінен босатады деген сөз емес.
Заңгерлер мен салық мамандары ескертеді:
"Айыппұлдың жойылуы – мемлекеттің халыққа жасаған қадамы. Бірақ егер азамат ескертуден кейін де бір жыл ішінде ережені қайта бұзса (қайталап тапсырмаса), онда нақты айыппұл салынады (15 АЕК көлемінде)".
Яғни, "бірінші қателік" кешіріледі, бірақ "екіншісі" қымбатқа түсуі мүмкін.
Неге бұл маңызды?
Қазіргі таңда декларация тапсыру – тек шенеуніктердің емес, қарапайым кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатындардың және олардың жұбайларының міндеті. 2025 жылы бұл тізімге зейнеткерлер мен студенттерден басқа, барлық еңбекке қабілетті азаматтар қосылғанын ескерсек, айыппұлдың жойылуы жүз мыңдаған отбасының бюджетін сақтап қалады.
Енді не істеу керек?
Егер сіз әлі күнге дейін есеп бермеген болсаңыз:
-
Асықпай, e-Salyq Azamat қосымшасы немесе Egov.kz порталы арқылы кіріп көріңіз.
-
Жүйедегі қателіктерге бола уайымдамаңыз, қазір техникалық ақаулар үшін жазаланбайсыз.
-
Ең бастысы – ниетіңіздің бар екенін көрсетіп, жыл соңына дейін немесе келесі жылдың басында құжатты жіберуге тырысыңыз.




