«Тегін жаттықтырамын». Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Фото: ҰОК Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясынд

Фото: ҰОК
Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарда дайындайды.
Байсуфинов бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарады.
ҚФФ Талғат Маруаұлының тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тілейді. Сонымен қатар, ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін қызметіне үміткерлермен келіссөзді жүргізіп жатыр.Тізімде үш шетелдік маман бар.
Айта кетейік, былтыр Черчесовке қатысты шу туындағанда Талғат Байсуфинов құраманы тегін жаттықтыруға дайын екенін айтқан.
Related

Sport
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Sport
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Sport
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Sport
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·