Трамп пен Зеленский: бейбіт жоспардың 90–95%-ы келісілді, аумақ мәселесі әлі ашық
Трамп пен Зеленский бейбіт жоспардың 90–95%-ы келісілгенін айтты. Алайда Донбасс пен басып алынған аумақтар тағдыры шешілмей тұр.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский 29 желтоқсан күні Флоридада өткен келіссөздерден кейін бейбіт жоспардың негізгі бөлігі бойынша ортақ түсінік барын айтты.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Трамптың сөзінше, талас тудырған сұрақтардың басым бөлігі талқыланып, «95%» деңгейінде келісімге жақындаған. Ол бұл кездесуде соғысты тоқтатуға бағытталған нақты ілгерілеу болғанын атап өтті.
Ал Зеленский 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспардың шамамен 90%-ы пысықталғанын жеткізді. Сонымен қатар АҚШ пен Украина арасындағы қауіпсіздік кепілдіктері «100% келісілді» деген мәлімдеме жасады.
Related

News
Ғарышқа самғаған тұңғыш қазақ — Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды
Айғаным Нариманова·

News
В Семее утонул 8-летний ребенок: спасатели заявили о сорванном предупреждающем знаке
Жаннұр Еділбаева·

News
Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Көкшетаудағы құрылыс алаңында 18 жастағы жігіт қаза тапты
Жаннұр Еділбаева·