«Біз көп мәселені шешеміз деп ойлаймын және бірден іске кірісеміз. Біз сауда балансын, фентанил, TikTok және басқа мәселелерді талқыладық. Төраға Си және мен әлемді бейбіт әрі қауіпсіз ете түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз» - деп жазды Трамп.Трамп 20 қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріседі. Қазір АҚШ-та Қытайдың TikTok желісін бұғаттау жайлы сөз болып жатыр. 19 қаңтарда АҚШ-та TikTok Қытайдың ByteDance компаниясын бөлінбесе қызметіне шектеу қоятын заң күшіне енеді. АҚШ Қытайдың ByteDance ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайды. Бұған қоса, Трамп Қытайдан АҚШ-қа келетін тауарға салықты көбейтетінін мәлімдеген.
Трамп Си Цзиньпинмен TikTok пен сауда-саттықты талқылағанын айтты
Фото: Susan Walsh / AP 17 қаңтарда Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы алдымен Қытайдың Синхуа агенттігі ақпарат таратқан, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Бірақ Агенттік Си Цзиньпин мен

Фото: Susan Walsh / AP
17 қаңтарда Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы алдымен Қытайдың Синхуа агенттігі ақпарат таратқан, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бірақ Агенттік Си Цзиньпин мен Трамп не туралы сөйлескенін айтпаған.
Ал Трамп өзінің TruthSocial желісінде Қытай басшысы Си Цзиньпинпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеп, "әңгіме АҚШ пен Қытайға да өте жақсы болды" деді.
Related

Politics
New Anti-Corruption Law Explained in Kyzylorda
Todayinfo редакциясы·

Politics
Тоқаев Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Айғаным Нариманова·

Politics
Almaty Public Service Modernization: Darkhan Zhazykbay Unveils Reforms
Todayinfo редакциясы·

Politics
Құрылтай, Вице-Президент және Халық Кеңесі: жаңа заңдар күшіне енеді
Айғаным Нариманова·