Түркістан облысында 135 адам туған күнінде референдумға қатысып, таңдау жасады
Түркістан облысында 37 мыңнан астам жас азамат референдумда алғаш рет дауыс берді. Олардың 135-і дәл сайлау күні кәмелет жасына толған.

Түркістан облысында 37 мыңнан астам жас азамат конституциялық референдумда алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасауда, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Облыс орталығы Түркістан қаласындағы №881 және Келес ауданындағы №324 референдум учаскелерінде 18 жасқа толған бозбалалар мен бойжеткендер алғаш рет дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдірді. Биылғы референдумның басты ерекшелігі – ел тағдырына қатысты таңдау жасайтын жастардың қатары көп.
Жалпы, Түркістан облысы бойынша 37 796 жас азамат алғаш рет дауыс беру құқығына ие болды. Олардың ішінде ең ерекшесі – дәл референдум өтіп жатқан күні 18 жасқа толып, өзінің туған күнінде таңдау жасаған 135 жас азамат.
Бақылаушылардың пікірінше, жастардың саяси науқанға белсенді қатысуы олардың елдің қоғамдық-саяси өміріне бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Бұл – жас буынның мемлекет дамуына қатысты маңызды шешімдерге өз үлесін қосуға деген ынтасының айқын белгісі.
Related

Turkestan Region
Жаңашыл жастар – тиімді мемлекеттік басқарудың кепілі
Жаннұр Еділбаева·

Turkestan Region
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды
Жаннұр Еділбаева·

Turkestan Region
Turkestan Celebrates Civil Servants Day with Ceremonial Event
Todayinfo редакциясы·

Turkestan Region
Түркістан облысына 8 жыл: ауыл шаруашылығы өнім көлемі 2,2 есеге артты
Жаннұр Еділбаева·