«Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына сапары аясында өңірде бірнеше өндіріс орындарын ашу бойынша меморандумдарға қол қойылды. Екіжақты іскерлік кездесу барысында қытайлық IT компанияларға Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылып, өзара ынтымақтастық келісімшарт жасалды. Құжат негізінде алдағы уақытта Түркістан қаласында микрочип өндірісін қолға алу жоспарланып отыр», - деді Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.Айта кетейік, Ухань қаласында 132 жоғары білім ордасы шоғырланып, 2 миллионға жуық студент тұрады. Соның ішінде 11 университет IT саласына мамандандырылған екен.
Түркістан облысында микрочип өндіретін зауыт салынбақ - әкімдік
Түркістан облысында микрочип өндіретін зауыт салынбақ. Қазіргі заманның сұранысына сай өндіріс орнын салу туралы келісімге Түркістан облысының әкімдігі Қытай халық республикасына сапары барысында қол жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жұмыс сапары барысында

Түркістан облысында микрочип өндіретін зауыт салынбақ. Қазіргі заманның сұранысына сай өндіріс орнын салу туралы келісімге Түркістан облысының әкімдігі Қытай халық республикасына сапары барысында қол жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Жұмыс сапары барысында делегация Қытайдың Ухань қаласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар алқабында болды. Онда әлемдік нарықта өндірілетін барлық мобильді телефон, тұрмыстық техникаға арналған қажетті электрондық жарақтардың басым бөлігі өндіріледі.
Related

Tech
В Минэкологии прошло торжественное мероприятие, посвященное Дню эколога
Жаннұр Еділбаева·

Tech
Елімізде IT-экспорты бес есеге өсіп, 1,1 млрд долларға жетті
Айдар Керім·

Tech
Runway AI Challenges Google: Startup Aims to Build 'World Models'
Todayinfo редакциясы·

Tech
Surge in 'Range' Searches in Kazakhstan: What's Driving the Trend?
Мейіржан Әуелханұлы·