Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдағының жұлуына байланысты 12 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін әйел ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo. Сенат ғимаратында өткен брифингте журналистер Қойгелдиевт
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдағының жұлуына байланысты 12 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін әйел ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Todayinfo.
Сенат ғимаратында өткен брифингте журналистер Қойгелдиевтен:
«Гүл жұлған адамға 12 млн теңге айыппұл салу тым қатаң жаза емес пе?» – деп сұрады.
Оған жауап ретінде ол:
«Иә, бұл қатал жаза сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ заңның аты – заң. Тәртіп бұзылса, айыппұл салынады. Бұл – баршаға мәлім қағида», – деді.
Ғалымжан Қойгелдиев сөз барысында Қазақстан заңнамасын Еуропа елдері мен Сингапур тәжірибесімен салыстыра отырып, онда тіпті ұсақ құқықбұзушылық үшін де қатаң жазалар қолданылатынын атап өтті.
«Мәселен, Сингапурда бір темекі тұқылын тастағаны үшін ірі көлемде айыппұл салынады. Ал Швеция, Германия, Франция секілді елдерде қылмыстық жазамен қатар айыппұл да қоса салынады. 5-7 жылға сотталған адам қосымша айыппұл да төлеуге міндетті. Бізде ондай жүйе жоқ», – деді ол.