Todayinfo.kz
Turkistan cityView all articles

Түркістандық спортшы бокстан халықаралық жарыста алтын медаль еншіледі

Нидерланд елінің Эйндховен қаласында өткен «Eindhoven Box Сup» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғаған түркістандық Нұрлан Сапарбай аса ауыр салмақта бақ сынап, алтын медаль иегері атанды. Ол ақтық сында герма

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Түркістандық спортшы бокстан халықаралық жарыста алтын медаль еншіледі
Нидерланд елінің Эйндховен қаласында өткен «Eindhoven Box Сup» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғаған түркістандық Нұрлан Сапарбай аса ауыр салмақта бақ сынап, алтын медаль иегері атанды. Ол ақтық сында германиялық Деннис Охиодан айласын асырып, үздік атанды.
Ал 90 келіде қолғап түйістірген Сағындық Тоғамбай қола медальді қанағат етті. Ол жартылай финалда өзбекстандық боксшы Турабек Хабибуллаевқа есе жіберіп алды.
Айта кетейік, Eindhoven Box Cup – Еуропадағы ең беделді әуесқой бокс турнирлерінің бірі. Қазақстан Ұлттық құрамасының былғары қолғап шеберлері аталған жарыстан 5 алтын, 3 қола медальді қоржынға салды.

Related

Түркістандық спортшы бокстан халықаралық жарыста алтын медаль еншіледі · Todayinfo