Түркістан облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Жол апаты 15 шілде күні болған. Түнгі уақытта Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді тас жолында Toyota Camry мен Volkswagen Passat көлігі соқтығысқан. Салдарынан 7 адам оқиға орнында көз жұмған.
Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.
Желіде тараған ақпарат бойынша жол апатына түскендер жанып кеткен. 6-уы бір ауылдың тұрғындары болуы мүмкін.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
“Тергеу нәтижесі бойынша заңнама талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады”, – деп хабарлады ведомство.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға, сондай-ақ жол және ауа райы жағдайларын ескеріп, көлік құралын басқару кезінде барынша мұқият болуға шақырды.




