Тергеу мәліметінше, жастар тобы жеке үйде жиналған кезде, белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасаған. Соның салдарынан төрт жасөспірім оқиға орнында көз жұмып, тағы төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Күдікті шабуылдан кейін үйді өртеп жіберген. Өрттің кесірінен қарақшының өзі де қайтыс болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Екі және одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ екі және одан да көп адамды өлтіруге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.




