«Ұлт өкілдеріне тіл тигізген»: Қырғызстан танымал боксшы Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жариялады
Фото: instagram.com/bivol_kate Қырғызстанда әлем чемпионы, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оған ұлттық және нәсілдік араздықты қоздырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бішкек қалалық

Фото: instagram.com/bivol_kate
Қырғызстанда әлем чемпионы, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оған ұлттық және нәсілдік араздықты қоздырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, іс Қырғыз Республикасының қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша ("Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты қоздыру") қозғалған. Бұл бап бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тергеу мәліметінше, Екатерина Бивол қырғыздар мен қазақтарды және басқа да ұлт өкілдерін қорлайтын сөздер айтқан. 21 қазанда оның бейнежазбасы әдепсіз сөздермен әлеуметтік желілерде тараған.
Биволға айып сырттай тағылды. Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданып, әйел іздеуге жарияланды.
Related

Sport
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Sport
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Sport
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Sport
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·