«Бұрын Иранның дұшпандары кім екені белгілі еді. Енді оның достары да айқындалды. Бұл – XXI ғасырдағы жаңа „Антанта“ мен „Үштік одақтың“ көрінісі», – дейді саяси бақылаушылар.Фото: Әлеуметтік желіден
Ормуз бұғазындағы жаңа тәртіп: Иран төрт мемлекетті ресми түрде дұшпандардың қатарына жатқызды
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін елдердің тізімін жариялады. АҚШ, Израиль, Ұлыбританияға тыйым салынып, Ресей мен Қытайға жол ашылды.

Иран Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты маңызды шешім қабылдап, Ормуз бұғазы арқылы өтетін елдердің тізімін жариялады. Бұл қадам Тегеранның өзіне «дос» және «дұшпан» санайтын мемлекеттерді ашық түрде бөлгенін көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Тегеранның ресми рұқсатын алған алты елдің қатарында Ресей, Қытай, Түркия, Үндістан, Пәкістан және Сауд Арабиясы бар. Атап айтқанда, Үндістанның мұнай танкерлері мен Түркияның жүк кемелеріне бұғаздан еш кедергісіз өтуге мүмкіндік берілді.
Сонымен қатар, Иран билігі Батыстың бірқатар ірі мемлекеттеріне қатаң тыйым салды. Бұл тізімге Иранның басты қарсыластары – Америка Құрама Штаттары мен Израиль енген. Сондай-ақ Ұлыбритания мен Францияның кемелері үшін де Ормуз бұғазы жабылды.
Бұл оқиға әлемдік сарапшылар арасында жаңа геосаяси блоктардың қалыптасуы ретінде бағаланып отыр.
Related

News
В Семее утонул 8-летний ребенок: спасатели заявили о сорванном предупреждающем знаке
Жаннұр Еділбаева·

News
Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Көкшетаудағы құрылыс алаңында 18 жастағы жігіт қаза тапты
Жаннұр Еділбаева·

News
Бурабай мен «Семей орманында» өрт шықты
Жаннұр Еділбаева·