«Бүгін жекпе-жек ресми түрде No Contest деп танылды: қарсыластың жеңісі есептелмейді. Ол допинг-тесттен өтпеді және төрешілер тарапынан өрескел қателіктер анықталды. Ең маңыздысы – мен әр раундта адал, ашық және соңына дейін жұдырықтастым», – деп жазды Лукас әлеуметтік желіде.Ангелина Лукас Мысырға сапар алдында виза мәселесіне байланысты айтарлықтай қиындық көрген. Қажетті құжаттың кеш шығуы оның дайындығына тікелей әсер еткен болатын. Қызығы, жеңімпаз атанған Кэтрин Ренни әлемдік рейтингтің алғашқы 30 қатарына да кірмейді және жасы үлкен спортшы саналады. Соған қарамастан америкалық боксшы 10 раунд бойы жоғары қарқын көрсетіп, Лукасқа айқын басымдық бермеген еді. Енді допинг-тест нәтижесіне байланысты бұл жекпе-жек тарихта болмаған деп саналатын болды. Ангелина Лукас жақын уақытта өзінің келесі қадамы туралы мәлімдеме жасайды деп күтілуде.
«Жеңісі есептелмейді»: Жасы үлкен әйелден жеңілген Ангелина Лукас мәлімдеме жасады
Фото: Instagram | Ангелина Лукас проиграла Катрин Рене Линдемут Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы, IBO, WBF және WIBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас Каирде өткен титулдық жекпе-жекте мансабындағы екінші жеңілісіне ұшыраған. Алайда боксшының өзі бұл кездесудің

Фото: Instagram | Ангелина Лукас проиграла Катрин Рене Линдемут
Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы, IBO, WBF және WIBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас Каирде өткен титулдық жекпе-жекте мансабындағы екінші жеңілісіне ұшыраған. Алайда боксшының өзі бұл кездесудің нәтижесі ресми түрде күшін жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ангелинаның айтуынша, америкалық қарсыласы Кэтрин Ренни (АҚШ) допинг-тесттен өте алмаған.
Related

Sport
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Sport
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Sport
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Sport
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·