Жер дауы: Шымкент тұрғыны заңды жер телімінен айырылуы мүмкін
Бір жылдан астам уақыт бойы адал кәсіпкер Алмас Ж. Шымкенттегі жер теліміне қатысты бірінші инстанциядағы сот шешімімен келіспей, әділдік үшін күресіп келеді, деп хабарлайды Todayinfo. Оның сөзінше, барлығы 2024 жылдың наурызында өткен электрондық аукционнан басталған. Ол к

Бір жылдан астам уақыт бойы адал кәсіпкер Алмас Ж. Шымкенттегі жер теліміне қатысты бірінші инстанциядағы сот шешімімен келіспей, әділдік үшін күресіп келеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Оның сөзінше, барлығы 2024 жылдың наурызында өткен электрондық аукционнан басталған. Ол кезде Шымкенттегі жер телімін сот орындаушысы аукцион арқылы сатқан. Оның себебі - бұрынғы иесі У.С. банктен алған қарызын өтей алмаған. Ал жер банкте кепілде тұрған еді. 2023 жылғы 2 маусымда берілген атқарушылық құжат негізінде сот орындаушысы Есимова А.Т. мүлікті аукционға қойған. Алмас Ж. жеңімпаз болып танылып, 817 млн теңгеден астам сомаға толық төлем жасаған. 2024 жылғы 3 қыркүйекте ол мен сот орындаушысы арасында сатып алу-сату шарты рәсімделген.
Банк өз қаражатын өндіріп алған, ал Алмас Ж. жер телімінің заңды иесі атанған. Алайда жердің бұрынғы иесі У.С. бұл мәміле заңсыз деп, сотқа шағым түсірді. Ол өзінің бұл кепілге келісім бермегенін алға тартып отыр. Бірінші инстанциядағы сот қолтаңба сараптамасының қорытындысына сүйене отырып, У.С. берген талап-арызды жартылай қанағаттандырған. Алайда апелляциялық инстанция сараптаманың сапасы мен жүргізілу тәртібіне күмән келтіріп отыр. Себебі сарапшылар У.С.-ның жас ерекшелігін, денсаулығын, қолтаңба өзгерістерін және сараптама жүргізу ережелерін ескермеген.
Related

Society
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Society
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Society
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Society
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·