Жезқазғанда көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмыстары жалғасуда
Жезқазған қаласында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жайлы орта қалыптастыру мақсатында жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, Жезқазған – Талап бағытындағы автокөлік жолында Жезқазғ

Жезқазған қаласында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жайлы орта қалыптастыру мақсатында жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, Жезқазған – Талап бағытындағы автокөлік жолында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тарапынан 55 дана жарық бағаны орнатылды. Сонымен қатар, Теміржолшылар кешесінде жергілікті тұрғындардың сұранысына сәйкес қосымша 10 жарық бағаны қойылды.
Бұл жұмыстар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, түнгі уақыттағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жарықтандыру іс-шаралары мұнымен шектелмейді. 2025 жылдың тамыз айында Жезқазған қаласындағы аулаларды жарықтандыру жұмыстары қолға алынбақ.
Фото: скрин
Related

Ulytau Region
Область Ұлытау первой в республике открыла цифровое пространство «Smart Point»
Жаннұр Еділбаева·

Ulytau Region
Ұлытау облысы республикада алғаш болып «Smart Point» цифрлық кеңістігін ашты
Жаннұр Еділбаева·

Ulytau Region
Ұлытау облысында «Арқа аруы – 2026» республикалық байқауы өтті
Todayinfo редакциясы·

Ulytau Region
Ұлытауда 4500 адам қатысқан экологиялық сенбілік өтті
Жаннұр Еділбаева·