Биыл Түркістан облысында 1 трлн.133,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған
Түркістан облысына жыл басынан бері 420,8 млрд.тг. көлемінде инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8%-ға өскен, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Түркістан облысында инвестиция тартуға басым бағыт берілген. Түркістан облысының әкімі

Түркістан облысына жыл басынан бері 420,8 млрд.тг. көлемінде инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8%-ға өскен, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысында инвестиция тартуға басым бағыт берілген. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестормен жеке кездесіп, қолдап, әр жобаның түпкілікті жүзеге асуын жіті бақылайды. Барлық аудан, қала әкіміне нақты индикаторлар бекітілген. Аудан, қала басшылары жергілікті кәсіпкерлермен бірге Түркия, Қытай, Аустралия, Өзбекстан елдерінің өндірістік аймақтарына іссапарларда болды.
Делегация әлемге танымал кәсіпорын, зауыттарды аралап, алпауыт компаниялармен келісімдер жасалды. Озық шетел тәжірибесі кеңінен қолдану мақсатында атқарылған тиісті жұмыстар оң нәтижесін көрсетуде. Түркістан облысы құрылғалы 6 жылда облыс экономикасына тартылған инвестиция 3 есеге артып, 2023 жылы 972 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған қаржының басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі.
Өткен жылы Түркістан облысы өсім динамикасы бойынша республикада 3 орынды иеленген. Ал, 2024 жылы облысқа инвестицияларды тарту жоспары 1 трлн. 133,8 млрд. тг. көлемінде көзделген. Көрсеткіш 6 айдың қорытындысымен 420,8 млрд.тг. құрады. Сонымен қатар, 2024 жылға өңірге тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 467,0 млн. АҚШ доллары көлемінде бекітілген болса, ағымдағы жылдың I тоқсанының қорытындысымен тікелей шетелдік инвестиция көлемі 89,1 млн. АҚШ долларды құраған. Алдағы уақытта инвестицияның өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында, 2024-2027 жылдары жүзеге асырылатын 145 инвестициялық жобалардың пулы қалыптастырылған. Жобалардың жалпы құны 2,2 трлн. тг. құрайды. Олардың есебінен 18 мың жұмыс орны ашылатын болады.
Related

Business
АҚШ-Иран тіресі: әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады
Айдар Керім·

Business
Almaty-Warsaw: Direct Flight to Europe to be Launched
Todayinfo редакциясы·

Business
Alstom builds electric locomotive depot in Arys: €50 million investment
Todayinfo редакциясы·

Business
Kyzylorda: Glass factory breaks ground with 60 billion tenge investment
Todayinfo редакциясы·