Ипотекамен үй алу жеңілдейді: елімізде ипотекалық несиенің пайыздық мөлшері төмендемек
Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшері 20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірледі. Халыққа тиімді құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды T

Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшері 20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірледі. Халыққа тиімді құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo.
Ұлттық банк пен Агенттік ипотека бойынша максималды пайызды төмендету арқылы ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыруды көздеп отыр.
Аталған қаулы жобасы 26 наурызға дейін қоғам талқысына шығарылды.
Қаулы жобасына сәйкес, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді.
Ал қалған несиелер бойынша ЖТСМ шекті мөлшері өзгермейді: кепілсіз банк қарыздары бойынша – 46 пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша – 35 пайыз.
Фото: en.iz.ru
Related

Business
АҚШ-Иран тіресі: әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады
Айдар Керім·

Business
Almaty-Warsaw: Direct Flight to Europe to be Launched
Todayinfo редакциясы·

Business
Alstom builds electric locomotive depot in Arys: €50 million investment
Todayinfo редакциясы·

Business
Kyzylorda: Glass factory breaks ground with 60 billion tenge investment
Todayinfo редакциясы·